21 қыр, 2020 сағат 13:00

Құс тұмауы: Шаруа иелеріне мемлекеттен 400 млн теңге бөлінеді

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауынан шығынға батқан шаруа иелеріне мемлекеттен 400 млн теңге бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Эпизоотияға қарсы республикалық отряд қырылған құс үшін өтемақы төлейтін ресми ұйым саналады. Жыл бойы әкімдіктерде қырылған мал мен құстың нарықтағы құнын айқындап беретін арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Әкімдіктердің шешіміне сәйкес эпизоотияға қарсы республикалық отряд аймақтың ветеринарлық қызметінен керекті материалдардың бәрін алып, құсы қырылған әрбір шаруа иесінің шотына өтемақы аударады. Егер құжаттардың бәрі дұрыс болса, өтемақы үш күннің ішінде түсуі керек. Бүгінгі таңда отрядта 390 млн теңге жинақталған. Осы сома жеке шаруашылықта бағылған және құс тұмауынан қырылған құстардың бағасының айқындалуымен өтемақы ретінде беріледі», - деді Гүлмира Исаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.