12 қыр, 2019 сағат 18:08

Күрестен әлем чемпионатын әлемнің 104 елі тамашалайды

Елордадағы күрестің 4 түрінен өтетін әлем чемпионатын әлемнің 104 елі тамашалайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

14-22 қыркүйек күндері елордада күрестің  4 түрінен әлем чемпионаты өтеді. ҚР еркін күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбайдың айтуынша, бәсекені әлемнің әр түкпірінен 800 млн-ға жуық адам тамашалауға мүмкіндік жасалған

«Бұл чемипионатта грек-рим, еркін және әйелдер күресінен бөлек тұңғыш рет грэплингтен әлем чемпионаты өтеді. Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет өтетін біріншіліктен «Qazsport» телеарнасы арқылы 104 елге сигнал таратады. Сонда 700-800 млн адам көгілдір экран арқылы көрермен болады»», - деді Ерлан Қожасбай.

Ал «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин бұл чемипонатты көрсету құқығын  8 мемлекет сатып алғанын айтты.

«Qazsport» телеарнасы чемпонатты тұтастай тікелей эфирде көрсетеді деуге болады. Біз таратқан сигнал бойынша Жапония, Иран, Ресей, Финляндия бастаған сегіз ел тарату құқығын сатып алды. Бүкіл қазақстандық балуандардың күресін тікелей береміз деген жоспар бар», - деді Павел Цыбулин.