Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен қос балуанымыз ширек финалға сүрінбей өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еркін күрестен ерлер арасындағы 65 келі салмақ дәрежесінде үш дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы, қазақстандық Дәулет Ниязбеков 1/8 финалда неміс балуанын ұтып, ширек финалға шықты. Ал 57 келіге дейін салмақта өнер көрсететін тағы бір балуанымыз Нұрислам Санаев 1/8 финалда германиялық Джастин Джуниор Лерді 7:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымда қытайлық Тайпей өкілін 10:0 есебімен таза жеңген болатын. Ал Нұрислам Санаев болса бірінші белдесуінде Молдова өкілі Анатолий Бурьянды 11:0 есебімен ойсырата ұтты.