«Атырау» футбол командасының құрамына қосылған гаитилік ойыншы үшін ақша шығындалған жоқ. Бұл туралы аталған команданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Атырау» сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылды. Кристиан Алекс Джуниор командаға еркін агент ретінде қосылды (ақысыз). «Атырау» футбол клубы бұл трансфер үшін ақша шығындаған жоқ. 27 жастағы қорғаушы бұған дейін «Арарат–Армения» командасының сапында өнер көрсетіп, екі жыл қатарынан Армения чемпионы атанған болатын. Тransfermarkt деректеріне сүйенсек, Кристиан Алекс Джуниордың нарықтағы бағасы 200 мың евроға тең», - деді «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен.