Қазақстанда 29-31 қазанда күн күрт салқындайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын сақтайды.
"30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.