Өткен жылы елімізде құмар ойындар мен бәс ұйымдастыратын компаниялар мен букмекерлердің қызметі рекордтық сомаға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Finprom.kz порталының мәліметінше, 2020 жылы құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 78,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 6 есеге көп. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2019 жылы аталған сектордағы қызмет көлемі 13,3 млрд теңге болатын. Ал 2020 жылдың 4-тоқсанында ғана құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдары қызметінің көлемі күрт өсіп, не бәрі 4 айдың ішінде 59,3 млрд теңгеге жетті.
Айта кетерлігі, 2019 жылы құмар ойындар мен бәс тігу қызметі көлемінің 86 пайызы ойын алаңдары орналасқан Алматы мен Ақмола облыстарына тиесі еді. Бірақ, 2020 жылы жағдай күрт өзгеріп, бұл өңірлерге қызмет көлемінің не бәрі 19,8 пайызы ғана тиесілі болды.
Өткен жылы көш басына 58,2 млрд теңгемен Алматы қаласы шықты. Оңтүстік астанада 2019 жылмен салыстырғанда саладағы қызмет көлемі бірден 80,4 есеге артқан. Одан кейінгі орында Алматы облысы (12,2 млрд теңге) мен елорда (4,5 млрд теңге) тұр. Құмар ойындар мен бәс тігу қызметі көлемінің айтарлықтай өсімі Ақмола (3,4 млрд теңге) және Жамбыл (1,1 млрд теңге) облыстарында байқалды.