Аралас жекпе-жек шебері, танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов Hit TV арнасына берген сұхбатында атышулы әнші Төреғали Төреәлінің сахнадағы әдепсіз қылығын жақтырмай, сынап тастады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Спортшы бұл жағдай Қазақстанда емес, шетелде орын алса, Төреғалидің «әкесін танытатынын» айтады.
Егер шетелде, басқа халықтың арасында жүрсем, білектің күшімен шешуге болатын еді. Бірақ Қазақстанда тұрғаннан кейін, өз қазағыма күш көрсете алмаймын», – деді Хамитов сұхбатында.
Еске салайық, "Ұлы дала баласы" былтыр желтоқсан айында Павлодардағы концерті кезінде ел алдында өзін ренжіткен қарияға дөрекі сөйлеп, кезекті рет "мінезін" көрсеткен болатын.
Бұдан соң бірқатар отандық радиолар оның әндерін эфирден алып тастады.
Ал Павлодар облысының әкімдігі бұдан кейін Төреғали Төреәліні концерттерге шақырмайтынын ресми мәлімдеген еді.
Бұдан кейін "әйгілі" әншінің төңірегіндегі дау басылмады. Оның әкесі Төреәлі шулы оқиғалардан кейін мән-жайды анықтауға келген 31 арна тілшілерін балағаттап, қуып жіберген.
Ол аздай, Төреәлі мырзаның журналист Зарина Мүсілімді "атып өлтіремін" деп қорқытқаны белгілі болды.