ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Екі жылдан бері теңге еркін бағам деңгейінде, сәйкесінше біздің теңгенің кез келген шетел валютасына бағамын нарық күші анықтайды. Нарыққа көптеген жағдайлар әсер етуі мүмкін. Менің ойымша, қандай да бір құбылмалы ахуалға ғана назар аударудың реті жоқ. Бұндай құбылыстар байқалып тұрады. Теңге еркін бағамға жіберілгеннен кейін тұрақты деңгейде тұр және осыны ең басты жағдай деп санаймын. Біз осыған үйренуіміз керек, сондықтан бағамды күн сайын немесе апта сайын емес, аймен, тоқсанмен және жартыжылдықпен өлшеу керек», - деді министр.
Бұдан бөлек Т. Сүйлейменов еуро бағамының өсуі мәселесіне де тоқталды.
«Еуро айналысындағы ахуалға тоқталсақ, бұл тұрғыда валюталық жұптар бар екені белгілі. Барлығымыз Еуропалық Одақта не болып жатқанын байқап жүрміз. Яғни бұл жағдайлар еуроға шаққанда теңгенің әлсіреуі қозғалысын білдермейді, осы орайда еуроның басқа валюталарға, оның ішінде долларға шаққандағы бағамының күшейгенін байқатуы ықтимал. ЕО-да экономикадағы, жұмыссыздық саласында айтарлықтай жақсы жаңалықтарға байланысты ахуал өзгеріп тұрады. Сондықтан да бұл тақырыпта валюталық жұптарға назар аударған жөн», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Мұнымен қоса министр ресейлік рубльдің еліміздің ұлттық валютасына ықпалы жайында түсінік берді.
«Шын мәнінде ресейлік әріптестер жақында өздерінің макроэкономикалық болжамының бір бөлігін жариялады. Қазіргі кезде болжам жаңартылып, рубль 62 (долларға шаққанда) деңгейінде тұр. Менің ойымша, мұнай бағасына қатысты және Ресей экономикасының дамуын ескере отырып, олар өздерінің көрсеткішін айқындады. Сондықтан рубль бағамының күрт өзерістері болмайды. Бұл тұрғыда біз бір парадигмада жылжып келеміз», - деді министр.