#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

  • 14.09.2020
  • 0
  • 100

Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды, деп хабарлайды Ақорда. "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысы Жарлығының мәтінін жариялайды.

***

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы

Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                            Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 қыркүйек

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің 

ҚҰРАМЫ

Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы

-

Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

Сэр Сума Чакрабарти

-

төрағаның орынбасары

Жоғары кеңестің мүшелері:

Мамин

Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қошанов

Ерлан Жақанұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Досаев

Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Төрағасы

Келімбетов

Қайрат Нематұлы

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

Әбілқасымова

Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы

Исекешев

Әсет Өрентайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Сүлейменов

Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Құлыбаев

Тимур Асқарұлы

-

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар