03 там, 2020 сағат 08:52

ҚР Президенті телерадиокешенінің @ptrk.kz жеке телеграм каналы іске қосылады

«ҚР Президенті телерадиокешені» ҰАҚ @ptrk.kz жеке телеграм каналы іске қосылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Контент осы коммуникациялық платформаның ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының құжаттамалық шежіресін көрсететін бірегей мұрағат фото және бейне материалдарды қолдану арқылы жасалады. 

«ҚР Президентінің ТРК қазіргі Қазақстан дәуірінің мультимедиялық жылнамашысы ретінде өзінің Telegram-каналын ашады. Онда тек бізде ғана бар эксклюзивті видеолармен және сирек кездесетін кадрлармен бөлісеміз», - деп атап өтті Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева. 

Telegram каналындағы ерекше орынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны, қызмет мансабы, қазіргі қызметі туралы эксклюзивті материалдар орналастырылатын айдар алады.