31 там, 2017 сағат 17:18

ҚР Президенті Іс басқармасында кеңесші тағайындалды

ҚР Президенті Іс басқармасында кеңесші тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ПІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында кеңесші болып Местоев Ахмед Якубович тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

68 жастағы Ахмед Местоев Қазақстан Тұтынушылар одағында түрлі қызметтерді атқарған. 2002-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі болған.