Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Нотр-Дам соборында шыққан алапат өрттен орын алған оқиғаға байланысты Франция Президенті мен халқына шынайы көңілін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әлемдік және француз мәдениетінің бірегей ескерткіші, Нотр-Дам-де-Пари соборында болған жойқын өртке байланысты Франция президенті мен халқына шынайы көңіл білдіремін», - деп жазады Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін біз Париж қаласындағы Құдай-Ана ғибадатханасынан шыққан алапат өрттің сөндірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.