09 шіл, 2021 сағат 19:48

ҚР Президенті баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі тағайындалды


Мұрат Нұрбаев ҚР Президенті баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжановтың бұйрығымен Мұрат Нұрбаев ҚР Президенті баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі болып тағайындалды», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. 

Мұрат Нұрбаев 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2006 жылы осы мамандықтың магистрі атанған.

Ол әр жылдары «31-арна», «Қазақстан», «Астана», «7-арнада» журналист, шеф-редактор ретінде қызмет атқарған.

«Қазақстан даму банкі» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, «Алтын Қыран» компаниялар тобының баспасөз қызметінің жетекшісі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің баспасөз қызметінде консультант, ҚР Президентінің баспасөз қызметінде консультант, инспектор лауазымдарында қызмет еткен.