ҚР Премьер-Министрі ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу үшін Қазанға барып, Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Екі тарап Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин былтыр Астанада өткен Ресей мен Қазақстанның XIII Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.