23 мау, 2020 сағат 08:09

ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарланды Үкіметтің ресми сайтында.

«Құрметті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсету, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру және жалпы, еліміздің экономикалық дамуы, Қазақстан халқының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуы сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңізге тікелей байланысты.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте абырой тілеймін!»,-делінген құттықтауда.