04 сәу, 2019 сағат 17:05

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Телеграмда парақша ашты

Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз Телеграм желісінде парақшасын ашты, деп хабарлайлы "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, министрлік қызметінің реформалануы, ашықтыққа әрі жариялылыққа және халықтың сенімін арттыруға жасалған нақты қадамдар осы каналда жарияланатын болады», делінген хабарламада.

Н.Ораз министрлікте, сонымен қатар құқық қорғау саласында болып жатқан күнделікті оқиғаларды түсінікті әрі қарапайым түрде жеткізетін болады. Сондай-ақ каналдың ақпараттық тізімінде полиция жұмысындағы жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты мағлұмат беріледі.

Телеграмм каналға сілтеме: orazonline