#
#
Дүйсенбі 10/08/2020

Қозғалысы тоқтатылған пойызға билет алған жолаушылар ақшасын қалай қайтара алады?

  • 04.07.2020
  • 0
  • 384

Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға билет алған жолаушылар жұмсаған қаражаттарын қайтарып ала алады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қозғалысы тоқтатылған пойыздарға ертерек билет сатып алған жолаушылар ақшаларын толық көлемде қайтарып ала алады. Сонымен қатар өзге балама пойыздарға да билет алуларына мүмкіндіктері бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Асылхан Қалдыкөзовтің айтуынша, билет кассалары штаттық режимде жұмыс істей береді. Туындаған барлық сауалдарға теміржол көлігінің 105 анықтама қызметіне қоңырау шалып, жауап алуға болады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 5 шілдеден бастап, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен Алматы-Сарыағаш бағытындағы пойыз уақытша тоқтайды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар бірнеше пойыздың қозғалыс жиілігі қысқартылады. Олар: Нұр-Сұлтан-Алматы, Алматы-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Достық пойыздары.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар