Қостанай және Жамбыл облыстарында ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, 19 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тәулік бойы тұман күтіледі.
Сондай-ақ, 19-20 ақпанда Жамбыл облысында шығыс бағыттан жел соғады, кей жерлерінде оның күші 15-20 м/с-ге жетеді. Өңірде 19 ақпанда күндіз, 20 ақпанда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с жел соғады.