#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Қостанай қаласының әкімі коронавирусқа шалдықты

  • 09.07.2020
  • 0
  • 150

Қостанай қаласының басшысы Қайрат Ахметов коронавирусқа шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке орай, Covid-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау»,- деді Қайрат Ахметов.

Шаһар басшысы мұндай қиын жағдайда денсаулықты қорғауға саналы түрде қарау керектігін атап өтті. Ол тұрғындарды сақтық шараларына барынша ұқыпты қарауға шақырды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар