26 сәу, 2021 сағат 06:14

"Көшпенділер жері" фильмінің режиссері "Оскар" иеленді



25 сәуірде Лос-Анджелес қаласында 93-ші рет "Оскар" сыйлығының үздіктерін анықтау рәсімі өтті. 

Биыл да былтырғы сценарий қайталанды. 

"Көшпенділер жері" фильмінің режиссері Хлоя Чжао "Үздік режиссер" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығын иеленді. Хлоя – Америка киноакадемиясының сыйлығына ұсынылған Азиядан шыққан алғашқы режиссер және "Оскар" тарихында үздік режиссура бойынша сыйлықты жеңіп алған екінші әйел. Сондай-ақ, оның картинасы "Үздік фильм" атанды. Ал, фильмде басты рөл сомдаған Фрэнсис Макдорман "Үздік актриса" деп танылды.

39 жастағы Хлоя Чжао 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде баспанасынан айырылып, АҚШ-ты аралауға мәжбүр болған америкалықтар жайлы түсірген фильмін "өмірде бір рет қана кездесетін ғажайып саяхат" деп атады.



2019 жылы америкалық кинорежиссер Кэтрин Бигелоу Ирактағы әскери операция жайлы баяндайтын драмасы үшін ("The Hurt Locker") "Оскар" алған алғашқы әйел атанған. 

Биыл коронавирус індетіне байланысты "Оскар" сыйлығын марапаттау рәсіміне шағын топ қана қатысты. Негізгі рәсім Лос-Анжелестегі "Юнион стейшн" теміржол вокзалы ғимаратында өтті.



Үздік режиссер: Хлоя Чжао («Көшпенділер жері») 
Үздік фильм: «Көшпенділер жері»
Үздік актер: Энтони Хопкинс («Әке»)
Үздік актриса: Фрэнсис Макдорман («Көшпенділер жері») 
Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Дэниэл Калууя («Иуда және Қара мессия»)
Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі: Юн Ё-джон («Минари»)
Шет тіліндегі үздік фильм: «Тағы біреуден»,  дат режиссері Томаса Винтерберг
Үздік оригиналды сценарий: Эмералд Феннел («Үміт сыйлайтын қыз»)
Үздік қысқа метражды фильм: «Екі бейтаныс жан»
Үздік қысқа метражды анимациялық фильм: «Қандай да бір жағдай болса, мен сізді жақсы көрем»
Үздік адаптацияланған сценарий: «Әке», француз жазушысы және драматургі - Флориан Зеллер
Үздік анимациялық фильм: «Жан»
Үздік қысқа метражды деректі фильм: «Колет»
Үздік деректі фильм: «Менің ұстазым - осьминог»
Үздік саундтрек: H.E.R. - Fight for You («Иуда және Қара мессия»)
Үздік визуалды эффектер: «Довод», Кристофер Нолан