09 мау, 2021 сағат 17:35

Көшербаев: Достық үйлері мемлекеттік тілді дамытуға атсалысатын болады


Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Ассамблеяның стратегиялық міндеті не екенін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Стратегиялық міндет ретінде біз барлық этно-әлеуметтік топтарды біртұтас ұлтқа біріктіру жөніндегі көпжоспарлы жұмысты жалғастырамыз. Ассамблея құрылымдары - Достық үйлері мен лингвистикалық кабинеттер арқылы мемлекеттік тілді дамыту бойынша күш-жігерді де ұлғайтудың маңызы зор. Ассамблеяның және этномәдени бірлестіктердің әлеуметтік бағдарланған, қайырымдылық қызметін дамыту, сондай-ақ әртүрлі салалардағы волонтерлік институтын дамыту жөнінде шаралар қабылдау жалғасады», - деген Қырымбек Көшербаев аталған міндеттерді іске асыру үшін этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерінің жанындағы қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының жұмысына жағдай жасап, материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдауды қажеттігін атады.

«Этностарды қазақ халқының айналасындағы біріктіру мен топтастырудың орталығы ретінде достық үйлерінің жұмысын құруға тұжырымдамалық, жаңаша көзқарас қажет», - деді Мемлекеттік хатшы.