Англия, Уэльс және Шотландиядағы көптеген шектеулердің алынғаны миллиондаған адамдарға кино, мейрамхана, музей, спорт залдарына, бір-біріне қонаққа баруға, туыстарымен және жақындарымен құшақтасып өрісуге мүмкіндік берді.
Осыған дейін, дос-жарандардың құшақтасып көрісуіне рұқсат етілмей келген еді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Kристофер Белл жетекшілік ететін Шотландияның ұлттық жастар хоры қазір 30 адамға дейін жиналуға болатынын пайдаланып, Эдинбургте репетицияға жиналды.
Лондонда Ұлттық сурет галереясы ашылды, бірақ әзірге келушілер көп емес.
Ал спорт залдарда адамдар әлдеқайда көп.
Туристердің жоқтығынан «Лондон көзі» шолу дөңгелегінде еш кезек жоқ.
Ойын автоматтарының табынушысы үшін залға оралу – нағыз мереке.
Күтуге күш қалмағанда: Батыс Йоркширдегі бұл қыздар шектеулерді алғанын тойлау үшін жергілікті пабқа келді.
Әрине, киносыз бола ма?! Ингмар Бергманның «Персона» фильміне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны көргісі келетіндер қашанда табылады.