Қандасымыз Базар Әшімұлы мен Аягүл Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тың «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді, деп хабарлайды KazNews сайты Forbes Mongolia журналына сілтеме жасап.
Моңғолиядағы Forbes журналы «30 жасқа дейінгі ең перспективті 30 моңғолиялық» рейтингін жариялады.
Тізімде әртүрлі саладағы мықты жас кәсіпкерлер бар. Биылғы тізімге қос қандасымыз да кірген.
Оның бірі - «Хэруга партнерс» компаниясының негізін қалаушы, адвокат Базар Әшімұлы. Ал екіншісі - «CallPro» компаниясының атқарушы директоры Аягүл Тілейханқызы.