20 ақп, 2021 сағат 07:33

Қос елдің азаматтығымен жүрген әйел Қазақстан аумағынан шығарылды

Көлік полицейлері Түркия азаматшасын қос ел азаматтығын пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Анталия-Алматы» әуе рейсімен ұшып келген Қазақстан және Түркияның қос азаматтығы бар 1987 жылы туған әйелді анықтады. 

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі, яғни, Қазақстан заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Түркия азаматшасы 5 жыл мерзімге ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жауапкершілікке тартылды. 

Айта кетейік, жылдың басынан бері көлік полицейлері қос ел азаматтығы бар 3 азаматты анықтады, оның екеуі - Түркия, ал біреуі - АҚШ азаматы.