Оңтүстік Африка Респуликасында B. коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін», - деп баяндады агенттікке берген сұхбатында оңтүстікафрикалық эпидемиолог, профессор Салим Карим.
Жұма күні Дүниежүзілік денсаулық ұйым сарапшылары жағдайды бағалау үшін Оңтүстік Африка республикасында осы елдің шенеуніктерімен кездеседі. Вирустың жаңа нұсқасы грек алфавитінің бір әрпімен («дельта» нұсқа сияқты) атау берілуі мүмкін. Жаңа штамм «Ню» деп аталуы жоққа шығарылмайды.
Бейсенбі кешінде Ұлыбритания билігі Африканың бірнеше мемлекетінен (ОАР, Нимибия, Зимбабве, Боствана, Лесото және Эсватини) келушілер үшін мәндетті карантин енгізді. Бұл мемлекеттерден Британияға әуе рейстеріне уақытша тыйым салынған.
Әзірге Оңтүстік Африка Респуликасында, Гонконг және Боставанада жаңа нұсқаны жұқтырудың 59 оқиғасы расталды. Ол алғаш рет Претория ауданындағы бірнеше студенттен анықталған.