01 там, 2020 сағат 07:13

Коронавирусты 17 миллионнан астам адам жұқтырды - ДДСҰ

Covid-19 жұқтыру жағдайларының саны соңғы тәулікте рекордтық көрсеткішке, 292,5 мыңға жетті. Мұндай көрсеткішті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ұйымның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күндіз 253,7 мың ауру жұқтыру жағдайы анықталды. 

Әлем бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны - 17,1 млн. Қауіпті вирустан 668 мың адам көз жұмған. 

Covid-19 пандемиясы басталғалы ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада (9,1 млн адам) және Еуропада (3,3 млн адам) тіркелген. Әлемде ауру жұқтырғанджар саны бойынша үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Мұнда 2 миллионнан астам адам коронавирус індетіне шалдыққан. 

Жалпы жекелеген елдер бойынша Covid-19 жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ 4,3 млн адам) көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (2,5 млн адам), үшінші орында Үндістан (1,6 млн адам) тұр.