12 нау, 2021 сағат 14:48

Коронавирустан жазылғандар вакцина алуы керек пе?

Коронавирустан ауырып, жазылып тұрғандар да вакцина алуы керек пе? Бұл сауалға бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жұқпадан кейін ағзада қалыптасатын иммунитет тұрақсыз және аз уақытқа ғана жеткілікті екендігін отандық, сонымен қатар әлем елдерінің де ғалымдары тұжырымдап отыр. Сондықтан 18-ден 65 жасқа дейінгі азаматтар өзінің қызметіне байланысты, яғни медицина қызметкері, педагог сынды коронавирусқа қарсы вакцина алу санатына жататын маман болса, онда олар коронавируспен аурып, емделсе де вакцина алғаны дұрыс. Өйткені, олар вакцинациядан кейін ағзада пайда болатын иммунитет арқылы денсаулығын қорғай алады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.