25 сәуірде Қазақстан аумағына АҚШ, Германия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өткен тәулікте елімізге әуе жолымен барлығы 4 307 жолаушы келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 590 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 140 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 311 жолаушы;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 153 жолаушы;
- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 113 жолаушы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, 25 сәуір күні «Ташкент – Нұр-Сұлтан» авиарейсімен коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.