Түркия мен Израильде карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап.
Түркияда карантиндік шаралар жеңілдетілді. Ел Президент Режеп Тайып Ердоған 1 маусымнан бастап елдегі коменданттық сағаттың қысқарғанын жариялады. Дәмханалар мен мейрамханалар келушілерді бүгіннен бастап қабылдайды.
Мемлекет басшысының айтуынша, коменданттық сағат жұмыс және сенбі күндері сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін, жексенбіде тәулік бойы күшінде болады.
Францияда КВИ қарсы вакцинациялау шараларына қатысты енгізілген қосымша шектеулер алынып тасталды.
Дүйсенбіден бастап Францияның кез-келген ересек тұрғыны қосымша шектеусіз екпе алуға жазыла алады.
Ресми түрде Францияда кез-келген дәріханада екпе салдыруға болады.
Шілде айына қарай Еуропалық одақта оған мүше елдер арасында саяхаттау үшін «жасыл төлқұжат» енгізілуі керек. Осы ретте көптеген адамдар демалыс алдында вакцина салдыруға асығуда.
Израильде 1 маусымнан бастап коронавирустық пандемияға байланысты бұрын енгізілген барлық шектеулер алынып тасталды. Тек жабық жерлердегі қоғамдық орындарда бетперде кию талабы мен елге кірушілерге карантин кезінде қойылатын талаптардың күші жойылған жоқ. Сонымен қатар, жиналыстарға қатысушылардың санына қатысты барлық шектеулер алынып тасталады.
Мұнымен қоса, израильдіктерге бұдан былай бір жерге кіру үшін вакцинация туралы немесе COVID-19-дан сауығу туралы құжатты ұсыну қажет емес.
Израиль бірқатар елдерге, оның ішінде қазіргі уақытта эпидемиологиялық қауіп-қатер бойынша «қызыл аймақтағы» Ресей азаматтарының ел аумағына кіруіне шектеулерді алған жоқ.
Израильге келгендер мемлекет аумағына кіру кезінде коронавирусқа тест тапсыруы, ұшудан 72 сағат бұрын жасалған тағы бір тесттің нәтижелерін ұсынуы керек.