15 шіл, 2020 сағат 17:20

Коронавирус: Токиода қауіп деңгейі ең жоғары белгіге көтерді

Сәрсенбі күні Токио коронавирусқа байланысты қауіп деңгейін ең жоғары белгіге көтерді, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.

Токио билігі қалада 165 адам коронавирус жұқтырғаннан кейін тұрғындарды барынша абай болуға шақырыуда. Токиода жетінші күн қатарынан коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркеліп жатыр. Айта кетейік, 25 мамыр күні елде төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін Токиода аурға шалдығу саны өскен. 

Жапония астанасы төрт күн қатарынан 200-ден астам адамның COVID-19 жұқтырғанын тіркеді. Медицина сарапшылары 8 354 адам індетке шалдыққаннан кейін қауіп деңгейін ең жоғары төртінші деңгейге дейін көтеруді ұсынды. 

Алайда, елдің Ауруды бақылау және алдын алу орталығының өкілі бұл жағдай коронавирустың «екінші толқыны» емес деп есептейді. Себебі, наурыз және сәуір айларымен салыстырғанда елде ауыр халде жатқандар саны әлдеқайда аз.