4 ақпан күні Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 055 жолаушы ұшып келді. Олардың 1 806-сында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 249-ында анықтама болмаған, барлығы да – ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 149 жолаушы, анықтамамен - 1 043, анықтамасыз - 106;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 811 жолаушы, анықтамамен - 668; анықтамасыз - 143;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 95 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтама болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді министрліктен.
Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 3 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған - барлық 247 жолаушыда коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.
Еске салайық, 4 ақпанда 247 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген болатын.