26 нау, 2021 сағат 16:20

Коронавирус: Моңғолияда жоғары әзірлік режимі мамыр айына дейін ұзартылды

Моңғолия елінің министрлер кабинеті жоғары әзірлік режимін тағы бір айға ұзарту жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Montsame ақпарат агенттігі.

25 наурыз күні елдің Министрлер кабинеті кезектен тыс отырыс өткізіп, соның барысында жоғары әзірлік режимінің мерзімін тағы бір айға ұзарту шешімін қабылдады. 

Моңғолия вице-премьері, Мемлекеттік төтенше комиссияның басшысы С. Амарсайхан елдегі қазіргі жағдай және коронавирусқа қарсы күрес жедел шаралары туралы мәлімет берді. 

Отырыста сондай-ақ 5,9 млрд тугрик көлеміндегі бюджет жобасы талқыланып, қабылданды. 

Бұл қаражат вакциналау науқанын белсендіру және тұрғындар арасында коронавирус жұқтырудың күрт көтерілген деңгейін азайтуға, сондай-ақ қазіргі жоғары әзірлік режимінің мерзімін тағы бір айға, яғни 31 наурыздан 30 сәуірге дейін ұзарту жобасын іске асыруға жұмсалмақ.

Кәсіби органдардағы 25 маманнан құралған жұмыс тобының қауіп деңгейін кезекті 22-ші бағалау қорытындыларына сәйкес, елде инфекция қаупінің деңгейі «өте жоғары». 

Бұдан басқа, Министрлер кабинеті Үкіметтің мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттеріне қатысты шаралар туралы қаулысына өзгерістер енгізді. 

Осылайша, оның қызметінің мерзімі де бір айға ұзартылды. 

Бұл ретте 14 өткізу бекеті арқылы жүк тасымалы 1 мамырға дейін қалыпты режимде жүзеге асырылады, ал жолаушылар қозғалысы жабылады. 

Жолаушылар шекарадан тек Мемлекеттік төтенше комиссияның рұқсатымен ғана өте алады.