#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Коронавирус: Мобильді топтар жұмысқа қашан кіріседі?

  • 09.07.2020
  • 0
  • 192

Халыққа кешенді медициналық қызмет көрсететін мобильді топтар қашан жұмысқа кіріседі? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, бүкіл еліміз бойынша емханалар жанынан халыққа медициналық қызметтерді кешенді түрде көрсететін 465 әмбебап мобильді топ құрылатын болады. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы 31 емхана жанынан әрқайсысында 2-3-тен мобильді топ құрылған. 

«Жедел жәрдем стансаларында да мобильді топ құру үшін келісімшарт жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар қормен (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) келісімшартқа отырып, сол мобильді топтардың жұмысын қамтамамсыз ететін қаражат табуы керек. Нұр-Сұлтан қаласында мобильді топтар келісімшарт жасалғаннан кейін пайда болады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Сонымен қатар ол барлық емханада өкпе қабынуымен ауырған әрбір науқасқа учаскелік дәрігерлер антиботиктер мен қызу түсіретін дәрілерді беретіндігін айтты.

«Бұл дәрілерді рецептімен ақысыз алуға болады. Ол үшін учаскелік дәрігердің нұсқауы мен рецепті керек», - деді Ажар Ғиният.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар