Бельгияның Антверпен провинциясы сейсенбі, 28 шілдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу үшін коменданттық сағат енгізіп, тұрғындарды қашықтан жұмыс істеуге міндеттеді, командалық спорт түрлерімен айналысуға тыйым салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Енді түнгі уақыт, сағат 23:30-дан бастап таңғы 6:00-ге дейін үйден тек орынды себеппен, мысалы, жұмысқа немесе ауруханаға бару үшін ғана шығуға рұқсат етілген. Мейрамхана, барлар мен дәмханалар сағат 23:00-ге дейін жабық болуы тиіс. Қоғамдық орындарда міндетті түрде маска тағу керек. Контактілі және командалық спорт түрлерімен айналысуға тыйым салынған.
Қашықтан жұмыс істеу міндетті, бұған тек қашықтан атқарыла алмайтын жұмыс жатқызылмайды. Базарларға қойылатын талаптар дүкендегідей: келушілерге мұнда 30 минуттан көп жүруге болмайды.
Қосымша шаралар Антверпен провинциясының ең көп зардап шеккен бөліктеріне қатысты қолданылып отыр. Бұл ережелер төрт аптадан кем емес уақыт сақталады.
Бельгияда ауруға шалдығудың жаға оқиғалары көбейе түскен, Антверпен қаласы – оның нағыз ошағына айналды. Сарапшылар бұл жағдай коронавирус эпидемиясы екінші толқынының бастамасы болуы мүмкін деп алаңдауда.