Қазақстанда коронавирус салдарынан бедеулікке ұшыраған жағдай тіркелмеген. Бұл туралы Орталық коммикациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жалпы коронавирус бедеулікке алып келетіні туралы ақпарат бар, бірақ бізде әзірге ондай науқастар анықталған жоқ және тіркелген жоқ», - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова.
Оның айтуынша, коронавируспен ауырғаннан кейін иммунитеттің төмендеп кетуі, қант диабеті, қалқанша безінің зақымдануы, тыныс жолдары аурулары және бауыр мен бүйрек ауруларының пайда болуы жиі кездеседі.