22 ақп, 2021 сағат 09:32

Коронавирус: 657 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

21 ақпан күні Қазақстанға Германия, Литва, Шри-Ланка, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен барлығы 21 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге 3 155 жолаушы ұшып келді. Оның 2 498-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 657 адам анықтамасыз келген, барлығы да ҚР азаматтары. 

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 998 жолаушы, анықтамамен - 1 633, анықтамасыз - 365; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 155 жолаушы, анықтамамен - 863; анықтамасыз - 292;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді министрліктен.

Сондай-ақ 20 ақпанда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 327 азаматының коронавирусқа талдау сараптамасы дайын болған. Олардың ешбірінде індет анықталмады.