28 ақп, 2021 сағат 10:54

Коронавирус: 500-ге жуық қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

27 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 908 жолаушы ұшып келді. Олардың 2435-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 473-і анықтамасыз келді, барлығы Қазақстан азаматтары.

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 058 жолаушы, анықтамамен - 1 793, анықтамасыз - 265;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 415; анықтамасыз - 58;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 234 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 150;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 143 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 26 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 339 азаматының ПТР-талдау нәтижелері шықты. Жолаушылардың ешбірінде коронавирус анықталған жоқ.