26 ақп, 2021 сағат 08:35

Коронавирус: 500-ге жуық қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

25 ақпан күні Қазақстан аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР ДСМ Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге шетелден барлығы 2178 жолаушы ұшып келді. Олардың 1682-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 496-сында анықтама болған жоқ, барлығы да Қазақстан азаматтары. 

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 877, анықтамасыз - 292; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 009 жолаушы, анықтамамен - 805; анықтамасыз - 204.

Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 24 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 284 азаматының ПТР-талдауларының нәтижесі дайын болған – ешбір жолаушыда коронавирус табылған жоқ.