19 қар, 2020 сағат 13:00

Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте Президент айтқандай, қазақ әскері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік операцияларына көбірек қатысуы керек. Президент қорғаныс министрілігіне келер жылға дейін осы бағытта жоспар түзіп, жол картасын әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Сонымен бірге, келер жылдың қараша айына  дейін армияның идеологиялық тұжырымдамасы әзірленуі керек. Отырысты ашқан Жоғарғы Бас қолбасшы келер жылы қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толатынын атап өтіп, осы жылдар ішінде бейбіт өміріміздің қорғаны болған ұлттық әскеріміз толық қалыптасқанын, еліміздің армиясы егемендігіміз бен тұтастығымыздың тірегіне айналғанын айтты.

Аталған жиын аясында Президент жиынға дейін қызмет барысында қаза тапқан әскери қызметшілерге арнап орнатылған «Мәңгі есімізде» монументіне гүл қойып, тағзым етті.

Жиын барысында сөз алған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін атап өтті.

«Мұндай жағдайда мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы Күштер. Елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған әскери қызметшілерді мемлекет әрдайым қолдайды. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қорғаныс саласына ерекше көңіл бөлуді өз жұмысымның басым бағыты ретінде санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылығын жаһандық масштабта да, жекелеген аймақтарда да күрт өзгеріп жатқан әлемдегі ахуалды жіті бақылап отыруға шақырды. Оның сөзінше, қазіргі қауіпсіздік архитектурасы дағдарысқа ұшыраған.

Мемлекет басшысы ішкі толқулар, төңкерістер елдің тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санайды. Оған Брест бітімінен бастап Қап тауындағы соңғы жағдайларға дейінгі тарихтың жаңа парақтары куә.

«Ішкі толқулар, төңкерістер ел тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санаймын. Оған Брест бітімінен бастап Қап тауындағы соңғы жағдайларға дейінгі тарихтың жаңа парақтары куә. Мұндай жағдайда мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы Күштер. Елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған әскери қызметшілерді мемлекет әрдайым қолдайды. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қорғаныс саласына ерекше көңіл бөлуді өз жұмысымның басым бағыты ретінде санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігі соңғы жылдары әскери жоспарлау құжаттарын дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті. Бұл армия мен мемлекеттік органдардың сыртқы қауіп-қатерге қарсы мақсатты түрде дайындық жүргізуіне мүмкіндік берген.

Президенттің пікірінше, осыған дейін қол жеткен жетістіктерді сақтау үшін Қарулы Күштердің қызметіндегі бірқатар басымдыққа көңіл бөлу қажет. Атап айтқанда, әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды.

Сонымен қатар ол әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды. Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Жоғарғы Бас қолбасшы армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өткен әскери жаттығуларда қазақстандық әскерилер жоғары дайындығын көрсетіп, бітімгерлік миссияларға қатысуға әзір екенін атап өтті. Осыған орай Қорғаныс министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2021 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді міндеттеді.

Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасы бойынша Бейрут портындағы жарылыстың салдарын жою кезінде Ливан халқына көрсеткен көмектері үшін Қарулы Күштердің әскери дәрігерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес кезінде өздеріне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарған барлық әскери қызметшілерге алғыс айтты.

Президент қазақстандық армияның ең озық цифрлық технологиялармен және құралдармен жабдықтаудың маңызды екенін ескертті. Бұл мәселені шешу үшін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Әскери бағыттағы біртұтас ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы әскери құрылымдарды қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етудің бірқатар басымдығын атады. Президент әуе қорғанысын күшейту, әскер түрлерінің радоиоэлектронды күрес элементтерін дамыту, әскердің жедел әрекет ету әлеуетін көтеру мақсатында әскери-транспорттық авиация паркін арттыру бағыттарына басымдық берді.

Өз әскерін бақпаған ел өзгенің әскерін бағады деген тұрақты тәмсіл бар. Қорғанысы айбынсыз ұлт қорғансыздың күйін кешеді. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем алдағы 3 жылда 30 пайызға көбейетінін айтты. Келер жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы да артады.

Қасым-Жомарт Тоқаев армия мемлекетіміздің тірегі, егемендіктің кепілі екенін және әрбір қазақстандық сарбаз бен сардар қастерлі Тәуелсіздігімізді күзетіп тұрғанын ұдайы есінде ұстауға тиіс екенін айтты.

Жиыннан кейін Президент елдің Қарулы Күштерінің құрамындағы радиоэлектронды күрес жүргізуге арналған заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың үлгілерімен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиын аясында Президент жиынға дейін қызмет барысында қаза тапқан әскери қызметшілерге арнап орнатылған «Мәңгі есімізде» монументіне гүл қойып, тағзым етті. Жоғарғы Бас қолбасшы армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл өткен әскери жаттығуларда қазақстандық әскерилер жоғары дайындығын көрсетіп, бітімгерлік миссияларға қатысуға әзір екенін атап өтті. Осыған орай Қорғаныс министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2021 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Қарулы Күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді міндеттеді.