Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде АӨІҚСШК аясында ынтымақтастық басымдығы талқыланды. Осы талқылау аясында 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан төрағалығындағы тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Аталған талқылаудан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Секретариатының атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесті. Кездесуде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өткізген әскери-саясат өлшемінің ауқымындағы іс-шаралар талқыланды. Шарт аясындағы мүше елдер сенім шараларын орындауды белсендіру қажеттілігін ұйымдастыруға ұсыныстар енгізді.
«Қазақстанның АӨСШК-дегі төрағалығының басымдықтары, атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы Душанбе саммитінде мәлімдеген бірқатар бастамаларын іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқыланды. Сонымен қатар, АӨСШК Хатшылығының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде пікір алмасылды», - деді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Секретариатының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай.
Атап айтқанда, олар қарулы күштер компоненттері, қорғаныс бюджеттері, қатысушы мемлекеттер аумағында шетел әскери контигенттерінің болуы, шетел армиясының қатысуымен оқу-жаттығуды қоса алғанда жоспарлаған әскери қызметтер туралы жыл сайынғы ақпарат алмасуға қатысты. Сонымен қатар мемлекеттердің ішкі саяси және қорғаныс ведомствалары өкілдерінен тұрақты жұмыс тобын құру ұсынылды.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын айта кеткен жөн. Өзінің қызмет атқарған уақытынан бері бұл ұйым тиімді диалог алаңына айналды. Оған 27 ел мүше болып, 8 ел бақылаушы атанды. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасына көшті.
Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігінде АӨІҚСШК аясында ынтымақтастық басымдығы талқыланды. Осы талқылау аясында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Секретариатының атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесті. Аталған кездесуде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өткізген әскери-саясат өлшемінің ауқымындағы іс-шаралар талқыланды.