Оңтүстік Кореяда 34 жылдан кейін алғаш рет дені сау бес бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.
30 жастағы әйел бір жүктілік уақытында Сеул ұлттық университетінің ауруханасында босанған. Бейсенбінің кешінде дүниеге төрт ұл бала мен бір қыз келді.
Аурухана мәліметінше, әйел кесар тілігі көмегімен босанды. Босану процесіне профессор Джун Чен Кванның басшылығымен 30-дан астам медициналық қызметкер қатысты.
Елде соңғы рет бірден бес баланың дүниеге келу фактісі сонау 1987 жылы тіркелген. Көпұрықты басқа балалар сияқты, бұл бес нәрестенің салмағы жеңіл болғанымен, денсаулығы жақсы.
Шақалақтардың ата-анасының екеуі де 30 жаста, олар 17-ші армиялық дивизияның капитандары. 2018 жылы отау құрған. Анасы жасанды ұрықтандыру жолымен жүкті болған.
«Менің жұбайым шынымен де бақытты, себебі ол егіз болғанын қалаған еді», - дейді бақытты ана.