25 мау, 2020 сағат 14:25

Корея Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирустан тезірек сауығуын тіледі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннен жеделхат келіп түсті, деп жазады Elbasy.kz

Мун Чжэ Ин Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

«Мен өткен жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарымда Сізбен болған кездесуді әрдайым жылы сезіммен еске алып отырамын. 

Қос ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы ахуал жайында өрбіген әңгіме барысында Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым.

Сізге тез арада коронавирусты жеңіп, сауығып кетуіңізді тілеймін» делінген жеделхатта.