26 мам, 2021 сағат 19:25

Корей суретшісінің тамшы бейнеленген картинасы аукционда 1,3 млн долларға сатылды


Оңтүстік Кореялық суретші Ким Чан Юльдің картинасы 1,4 миллиард воннан аса (1,3 миллион АҚШ доллары) бағаға сатылды. Марқұм суретші (1929-2021) үшін бұл рекорд болып отыр, деп хабарлайды YONHAP агенттігі.

Christie's Korea-ның дерегінше, Кимнің фирмалық суреттерінің бірі (1978 жылы салынған) тамшы бейнеленген «CSH I» Ганкогта осы аптада өткен аукционда 9,85 миллион гонконг долларына сатылған. 

Сома сауданың болжалды бағасынан 700-ден 870 миллион вонға дейін асып тұр.

Суретшінің тамшылар сериясына деген сұраныс ол қайтыс болғаннан кейін осы жылдың басында күрт өсті. 1977 жылғы дана үшін алдыңғы рекорд 1 миллион вон болған. Ол Seoul Auction ақпан айында өткен аукционында сатылды.

Ол алғаш рет су тамшылары бейнеленген картинасын Парижде 1972 жылы ұсынды, артынша бұл картина суретшінің визит карточкасына айналды.