28 қаң, 2023 сағат 11:20

Конор Макгрегорды көлік қағып кетті

Фото: Instagram/thenotoriousmma

Әйгілі спортшы Конор Макгрегорды көлік қағып кеткен. Бұл ол туралы instagram-дағы парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Қазір ғана арттан келген көлік мені жоғары жылдамдықпен қағып кетті. Жүргізушінің кінәсі жоқ. Күн сәулесіне көзі шағылғаннан алдында адам бар екенін көрмей қалған. Құдайға шүкір, менің уақытым әлі келмепті. Құлауды үйреткен күрес пен дзюдоға да рахмет. Ол менің өмірімді сақтап қалды", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Конор Энтони МакГрегор - ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, ол кәсіпқой бокста да бағын сынаған. Екі салмақ бойынша UFC промоушенінің экс-чемпионы.