16 қыр, 2019 сағат 14:37

Конгода кит аулайтын кеме суға батып, 34 адам хабар-ошарсыз кетті

Конгода кит аулайтын кеме суға батып, кем дегенде 34 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ВВС.

«Полицияның мәлімдеуінше, суға батқан кит аулайтын кемеден 76 жолаушы құтқарылған. Түбі жазыңқы кеме өзен-көлдерде адамдарды тасымалдауға пайдаланылған. Ол Мей Ндомбе провинциясынан Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасаға барар жолда апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.

Апат себептері әзірге белгісіз. Бірақ жолаушылардың құтқару желет кигеніне сенім жоқ. Оның үстіне олардың көпшілігі жүзе де алмайды.