Әлеуметтік желіде ер адамның жанжал кезінде әйелге қол жұмсаған видеосы тарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Видео asshotobozhaet Telegram-арнасында жарияланған.
Алматы облысының Полиция департаментінің дерегінше, оқиға 29 тамызда Қонаев қаласындағы "Алтын-Алма" саяжай кооперативінің аумағында орын алған.
Жанжал ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жеке ұйымның қызметкері мен тұрғындар арасында болған. Кейін жанжал күш көрсетуге ұласқан. Нәтижесінде 60 жастағы тұрғын Орталық қалалық ауруханаға жатқызылды.
Құқық бұзушылық Қонаев қаласының полиция басқармасында тіркелген. Қазір барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.