ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова техникалық және кәсіптік біліммен жастарды қамтуды кеңейту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келесі қадам тегін техникалық және кәсіптік біліммен жастарды қамтуға арналған. 2017 жылдан бері осы жоба іске асрылып келеді. 300 мыңға жуық адам бірінші жұмысшы мамандығын тегін алды», - деді вице-министр Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30 пайызы және 11 сынып түлектерінің 50 пайыздан астамы ақылы бөлімге оқуға түседі.
«Жегілікті атқарушы органдармен бірлесе сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен жастарды 100 пайыз қамтуға кезең-кезеңмен өтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мың орынға дейін арттыру ескерілген. Жергілікті бюджеттердің қаржыландыруы кезінде бірінші кезекте 9-сынып түлектерінің барлығын колледждерде ақысыз оқыту жоспарланған», - деді Б. Асылова.