ҚР Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов азаматтарға қазан айының басына дейін шетелден елге оралуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Азаматтарға айтарым, шетелге шыққысы келіп жүргендер немесе шетелде жүргендер қазан айының басына дейін Қазақстанға оралғаны абзал. Бәріміз де аурудың өршу ықтималдығын күтіп отырмыз. Шетелде қалып қалмаса екен дейміз. Себебі күн суыған уақытта коронавирус жұқтыру фактілері жиілеуі мүмкін», - деді Сәдуақас Байғабылов.
ҚР Көліктегі бас санитар дәрігер сонымен бірге отандастарымыздың бәрін санитария талаптары мен ережелерді сақтауға шақырды.
«Сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтықты ұстану керек. Азаматтар көліктегі қауіпсіздік белбуі секілді маска тағып жүруі тиіс. Ережеге бағынбаса қиын. Халық мәселенің өзектілігін сезіне отырып, өзі үшін ғана емес, туған-туыстары, жақындары үшін жауапты екенін ұмытпауы керек», - деді ол.