10 мау, 2021 сағат 12:27

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға қанша қаражат бөлінді?


Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аяқталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 128 млрд теңгені құрады, оның ішінде: Аграрлық несие корпорациясы желісі бойынша бюджеттік кредит есебінен «Кең дала» бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге, Ұлттық банк қаражаты есебінен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 

6 млрд теңге, Агробизнес бағдарламасы бойынша 4,6 млрд теңге, Қаржылай қолдау қорынан 854 млн теңге берілді», - деді Омаров. 

Бұдан басқа, Азық-түлік корпорациясының сатып алу сомасы 47 млрд теңгені құрады. Бидай, арпа, күнбағыс, рапс, зығыр, қарақұмық, сұлы және соя сияқты өнімдерге 743 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасалды. 

«Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіру үшін қажетті шикізаттың, сондай-ақ мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қожалықтары үшін жемшөп қорының болуына мүмкіндік береді», - деді министр.