Бүгін көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының нәтижесі белгілі болды. Анықталғандай, көктемгі әскерге шақыру барысында 15 мыңнан астам азамат әскери қызметке қабылданған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен өткен жиында талқыланды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Алматылық Салиһ Нұрланұлы 21 жасында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Оның әкесі ұлының ұзақ уақыт дайындалғанын, әскерге, оның ішінде Қарулы күштерге қызмет етуді мақсат еткенін әңгімелеп берді.
«Менің ұлым Қарулы күштерде борышын өтегісі келді. Алайда ол бұйырмады. Дегенмен, көктемгі шақыруда әскерге алынып, ең бастысы Отан алдындағы борышымды өтегім келеді деген ұлым өз мақсатына жетті. Енді тек аман-есен оралуын тілеймін. Амандық болса, әскер саласында Отанына қызмет етуді жалғастырамын деп ниеттеніп отыр. Біз үшін баланың арман-мақсаты маңызды. Дегенмен әскери сала оңай емес екенін ақырындап жеткіздім деп ойлаймын», - деді.
Белгілі болғанындай, көктемгі әскерге шақыру кампаниясы қорытындысы бойынша, биылғы көктемде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 15 мыңнан астам адам шақырылып, оның 6 000-нан астамы Қарулы Күштерге жіберілген.
Мұрат Құсайыновтың айтуынша, падемия жағдайында қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық шаралар жиын пункттерінде әскерге шақырылушылардың індетті жаппай жұқтыруын болдырмауға, әскерге шақыруды жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік берілген.
«Өздеріңізге белгілі, әскерге шақыру компаниясы кезінде Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әскерге шақырылушылар, олардың туған-туыстары жедел желі телефондары арқылы жеке әңгімелесу жолымен туындаған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды», - деді Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайынов.
Ал медицина мамандары әскерге шақырылатын ер-азаматтардың денсаулығына қатысты негізгі мәселелерді де атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, әскерге шақырылушыларда кездесетін сипатты ауруларға жүргізілген талдау анағұрлым кең таралған аурулардың көз, асқазан-ішек жолдарымен, омыртқамен, неврологиямен байланысты екенін көрсеткен.
«Қазіргі таңда қимыл қозғалыстың аздығынан, дұрыс тамақтанбау мен смартфон-гаджеттерді нормадан тыс қолданудан жоғарыда аталған аурулар жиі кезедсіп жатады. Оның ішінде әскерге шақырылған азаматтарда да бар. Көктемгі әскерге шақыру жұмыстары осыны аңғартты. Әсіресе, ерлерге салауатты өмір салтын сақтап, уақытыл әрі дұрыс тамақтануға кеңес берер едік. Еркектің денсаулығы өзі үшін ғана емес, отбасы мен Отаны үшін де маңызды екенін ескергеніміз жөн», - деді невролог Аида Сманова.
Аталған жиын барысында, Бас штаб бастығының бірінші орынбасары жергілікті әскери басқару органдарының барынша ашықтығын және тұрғындарды өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз ету, әскерге шақырылушылардың туыстарымен тұрақты түрде кері байланыс орнату міндетін қойды. Сонымен қатар, генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды «Жас сарбаз», «Айбын» әскери-патриоттық қозғалысына, басқа да әскери-патриоттық және спорт клубтарына барынша тарту қажеттігіне назар аударды.
Естеріңізге сала кетейік, Бүгін көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының нәтижесі белгілі болды. Анықталғандай, көктемгі әскерге шақыру барысында 15 мыңнан астам азамат әскери қызметке қабылданған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен өткен жиында талқыланды. Белгілі болғанындай, көктемгі әскерге шақыру кампаниясы қорытындысы бойынша, биылғы көктемде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 15 мыңнан астам адам шақырылып, оның 6 000-нан астамы Қарулы Күштерге жіберілген.